Контентке өту
Бастапқы бет
Бастапқы бетБіздің оқиғаЖобаларКітапты жүктеңізКітапханаСеріктестер

Жобалар

Экономикалық және қаржылық сауаттылық стандарттарына зор ықпалымызды тигізу мақсатында EFI өз қызметін үздіксіз дамытып келеді. Және де елдік серіктестерімізбен тығыз жұмыс жасау барысында, аудиториямыздың қалауын міндетті түрде ескереміз.

“Cауатты экономика”

Себебі кез-келген адам экономика тілінде сөйлеуі қажет

«Сауатты экономика» алғаш рет 2005 жылы жарық көріп, қазіргі таңда үшінші басылымы жариялануда. Экономика саласындағы ғалымдар Джеймс Гвартни, Ричард Строуп, Дуайт Ли, Тоуни Феррарини және Джозеф Калхоун жазған «Сауатты экономика» кітабы нарықтық экономика негіздеріне маңызды кіріспе болып табылады. Бұл еңбектің мақсаты – экономикалық тұжырымдамаларды негізге ала отырып, әрбір оқырманның жеке тұлғалық дамуына үлес қосу және саяси таңдау жолында дұрыс бағыт беру болмақ».

«Жергілікті оқырмандар үшін маңызы бар бұл кітап  Ағылшын, Албан, Армян, Әзірбайжан, Грузин, Орыс, Украин, Өзбек, Қазақ және Қырғыз тілдерінде қолжетімді. Кітапты онлайн оқуға немесе тегін жүктеп алуға болады».

Оқуды бастаңыз

Экономикадан олимпиада

Өскелең ұрпақтың экономикалық және қаржылық сауаттылығын арттыру

Экономикадан олимпиада – Чехиядағы Экономика білім беру институты (INEV) әзірлеген жоғары сынып оқушылары үшін жыл сайын өткізілетін жарыс. Іріктеу кезеңінен кейін, қатысушы елдердің бірінде өтетін халықаралық финалмен аяқталады. EFI елдік серіктестері өз елдеріндегі студенттер үшін аталған жарысты ұйымдастырып, қажет деңгейде өткізеді.

КӨБІРЕК МӘЛІМЕТ АЛУ

Мультимедиялық кітапханасы

Өйткені әрбір адам күнделікті шешімдерін экономикалық тұрғысынан түсінуі керек

EFI мультимедиялық кітапханасы - экономика негіздерін зерттейтін қысқа бейнелер мен мақалалардың қазынасы. Каталог тиісті ұйымдардың есебінен тегін толықтырылады, бұл бізге субтитрлер мен аудармаларға инвестиция салуға, сондай-ақ қолдаушыларымыздың кейстерін жаңа аудиторияларға жеткізуге мүмкіндік береді.

КІТАПХАНАНЫ ЗЕРТТЕҢІЗ

Экономика Әдістемелік құрал

"Сауатты экономиканы" оқу бағдарламасына ендіру барысында мұғалімдерге қажетті оқу-әдістемелік құралдарының барлығы бар!

Орта мектептің соңғы жылдарында және бакалавриаттың ерте сатысында “Экономикаға кіріспе” пәнін оқыту мақсатында педагогтерге арналған қажетті нұсқаулық жинағы біздің экономистер тобымен әзірленді. EFI аймақтық “Сауатты экономика” басылымына негізделген бұл жинақ түрлі слайдтар топтамасын, мұғалімдерге арналған оқыту материалдарын, сонымен қатар практикалық есептерді қамтиды. Алғашқы нұсқасы қазірдің өзінде Грузияның жетекші мемлекеттік орта мектептерінің бірінде 500-ден астам студентті экономикамен таныстыру үшін сәтті қолданылған. Нұсқаулықтың үлгісін қарау, сонымен қатар бұл үлгінің өз ана тіліңізде аудару жұмыстары мен тарату жоспарлары туралы білу үшін елдегі серіктесіңізге хабарласыңыз.

КӨБІРЕК МӘЛІМЕТ АЛУ

Экономикалық есеп беру семинарлары

Журналистердің әлеуетін арттыру

EFI тағылымтанушы мен тәжірибелі журналистер үшін кәсіби даму мүмкіндіктерін ұсына отырып, елдік серіктестеріне әрдайым қолдау көрсетеді. Жергілікті және халықаралық сарапшылардың қатысуымен өтетін экономикалық есеп беру семинарының басты мақсаты - тыңдаушы аудиторияға қаржылық есептіліктің практикалық әдістерімен бөлісу болып табылады. Біздің мақсат - қоғамдық пікірге тікелей әсер ете алатын осы мамандықтың кең ауқымдағы әріптестік байланысы мен тәлімгерлік мүмкіндіктерін арттыру.

КӨБІРЕК МӘЛІМЕТ АЛУ

Бізбен бірге болыңыз

Біз әрдайым жаңа жобалармен жұмыс істеуге дайынбыз