Контентке өту
Бастапқы бет
Бастапқы бетБлогСеріктестер Біз туралы
Оқуды бастаңыз
немесе тегін жүктеп алыңыз

Біздің желі

Біздің жергілікті серіктестер оқырмандарды кітапты зерттеуге және парасатты экономистер сияқты ойлауға ынталандыратын іс-шаралар бағдарламасын басқарады.

Албания кәсіпкерлік институты

Албания
Албания кәсіпкерлік институты миссиясы – қоғамдық саясат пікірталасына дәлелді зерттеу арқылы ықпал етіп, әділ, бәсекеге төтеп беретін және гүлденген экономикаға жол ашатын стратегиялық реформалар төңірегінде консенсус қалыптастыру.
Байланыс: Бесарт Кадиаға

Мінез-құлық шешімдері орталығы

Армения
Мінез-құлық шешімдері орталығы – мінез-құлық экономикасы әдістемесін қолдана отырып клиенттердің ең қиын идеяларын жүзеге асыруға көмектесетін зерттеу кеңесі.
Байланыс: Арам Хазарянға

Армениядағы EFI жұмысы туралы мәлімет (армян тілінде)

Мизес ғылыми-зерттеу орталығы

Беларусь
Мизес ғылыми зерттеу орталығының миссиясы – жеке таңдау мен жауапкершілік негізінде еркін нарық пен демократиялық қоғам идеялары мен идеалдарын насихаттау, осы идеалдарды ұстанатын адамдардың ашық қоғамын құру, шектеулі үкімет, жеке бас бостандығы және жеке меншік идеяларын насихаттау үшін қоғамдық саясат пікірталасы ауқымын кеңейту, беларусь қоғамын пікірлес елдер отбасы аясында азаттық пен демократияға бастай алатын ұлттық элитаны қалыптастыруға көмектесу. Байланыс: Ярослав Романчукке

Грузияның экономикалық сауаттылығы бастамасы

Грузия
Грузияның экономикалық сауаттылығы бастамасы (GEL-i) — грузин қоғамының барлық топтарындағы экономикалық сауаттылықты арттыру үшін құрылған жаңа коммерциялық емес ұйым. GEL-i кәсіптік білім беру студенттері мен заң, саясаттану және журналистика студенттері арасында экономикалық білімді жетілдіруге және экономикалық білімді арттыруға бағытталған.
Байланыс: Леван Павленишвили

Грузиядағы EFI жұмысы туралы мәлімет (грузин тілінде)

Riinvest институт

Косово
Riinvest миссиясы – кәсіпкерлік философиясы негізінде Косовоның заманауи экономикалық дамуына жол ашу.
Байланыс: Висар Вокрри

Косоводағы EFI жұмысы туралы мәлімет (албан тілінде)

Мемлекеттік саясат және басқару институты

Қырғызстан
Мемлекеттік саясат және басқару институты Орталық Азиядағы экономикалық және әлеуметтік саясатқа шоғырланған аймақтық сараптама орталығы болып табылады. Оның кәсіби білім беру бағдарламалары дәлелді зерттеулерді пайдалану үшін үкіметтер мен азаматтық қоғамның аналитикалық әлеуетін арттыруға бағытталған. IPPA Орталық Азия университетінің бөлігі болып табылады, ол оқшауланған ауылдық қауымдастықтарды жаһандық қауымдастықпен байланыстыратын және заманауи экономикалар мен тұрақты басқару үшін қажетті адами капиталды қалыптастыратын әлемдік деңгейдегі білім мен оқу орталығы.
Байланыс: Кемел Токтомушев

Бендукидзе еркін нарық орталығы

Украина
Бендукидзе еркін нарық орталығы (BFMC) – Украинада еркін нарық идеяларын насихаттау мақсатында Каха Бендукидзенің достары мен қолдаушылары 2015 жылы құрған украиналық тәуелсіз сарапшылар орталығы. BFMC миссиясы – стратегия ұсыну, жеке бастамаға жол ашатын зерттеу және білім беру бағдарламалары және баршаның жауапкершілігі мен тең ережесі арқылы Украинаның экономикалық потенциалын ашу.
Байланыс: Наталья Мельникке

Ташкенттегі Вестминстер халықаралық университеті

Өзбекстан
Ташкенттегі Вестминстер халықаралық университеті (WIUT) – Өзбекстандағы алғашқы халықаралық университет және Ұлыбритания стандарттарына сай батыс білімін беретін Орталық Азиядағы алғашқы университет. WIUT миссиясы – Орталық Азия елдері мен бүкіл әлемнің интеллектуал, әлеуметтік және кәсіби дамуына үлес қосатын білім берудің халықаралық стандарттары мен зерттеу мүмкіндіктерін ұсыну.
Байланыс: Наргиза Әлимұхамедоваға

Өзбекстандағы EFI жұмысы туралы мәлімет (өзбек тілінде)