Контентке өту
Бастапқы бет
Бастапқы бетБіздің оқиғаЖобаларКітапты жүктеңізКітапханаСеріктестер

Соғыс, бейбітшілік және экономикалық ынталандырулар: Экономика заңдары қазіргі таңда біздің өмірімізді қалай қалыптастырмақ?

Наталья Мельникке, Бендукидзе еркін нарық орталығы
4/5/22

Бейбітшілік және соғыс экономикасын қарапайым тілмен түсіндірсек. Жалпы экономиканы білу өз өміріңізді мақсатыңызға сай ұйымдастыруға, қазіргі әлемнің заңдылықтарын және айналаңыздағы адамдардың көзқарасын түсінуге көмектеседі. Біз экономикалық ынталандырудан бастап, адамдардың супермаркетте күріш сатып алудан президенттік сайлауға дейін, одан ары соғысқа баруға деген талпынысқа қалай әсер ететінінен талқылайтын боламыз.

Күнделікті өмірдегі ынталандыру: оларға не жатады ?

Ақпан айының 24 –ші таңына дейін сіз күнде таңертең оянып, ақша табу үшін жұмысқа (немесе қашықтықтан жұмыс істейтін болсаңыз басқа бөлмеге) барып жүрдіңіз. Біз спортзалға физикалық тұрғыдан жақсы болу үшін барып жүрдік (немесе бұрынғы сүйіктімізді қызғандыру үшін). Балаларымыз жақсы баға алып жүрсе, тәттілеріне беретін ақшаны көбейтер едік.. "Босто" күріші өте қымбат болған кезден бастап, біз "Жменка" күрішін сатып ала бастадық. Сол 24 ақпаннан бастап кейбіріміз "аман қалу" режимінде, ал басқалары "қорғау" режимінде өмір сүріп келеміз.

Аталған жағдайлардың бәрінде сіз белгілі бір ынталандырулардың әсерінен әрекет етесіз. Сіздің әрекеттеріңіз оларға ұтымды реакция болып табылады.

Экономиканың бұған қандай қатысы бар?

Ынталандыру - адамның белгілі бір аспектілердегі көзқарасына оңтайлы әсер ететін экономиканың негізгі қағидаларының бірі. Бұл біздің кез-келген қызметімізге қатысты.

Ынталандыру-бұл бізді дұрыс қалыпқа итермелейтін нәрсе.

Егер өнім немесе қызмет қымбаттаса, оны сатып алу ықтималдығы төмендейді. Керісінше, таңдау түрі көбейсе, онда тауар таңдау ықтималдығы да арта түспек.

Отбасыңызды эвакуациялау үшін орынды таңдағанда, сіз елдің шығысын немесе оңтүстігін ескермейтін шығарсыз. Кездесуге кешігіп, кофе қайнатып, жаңалықтарды көруге уақыт табуыңыз екіталай. Дегенмен, сізде 15 минут бос уақытыңыз болса, неге болмасқа? Сіз тротуарда жатқан 10 тиынға қарағанда, 1 гривенді алуыңыз әбден ықтимал және студенттер тақырыптың емтихан кезінде алынатынын білсе, олардың сабақ кезінде мұқият болуы әбден мүмкін.

Егер сіз нарықтың қалай жұмыс істейтініне мұқият зер салсаңыз, ережелер жиынтығы бойынша жеке ынталандырулар әлеуметтік бірлікке әкелетін жағдайларды қарастыра аласыз. Күрделі естілетін шығар, бірақ шын мәнінде бұл механизм өте қарапайым: бағалар, пайдалар мен шығындар арқылы адамдардың субъективті қалауларына әсер етеді.

Егер тұтынушы тарап сұранысқа ие тауарды көбірек сатып алатын болса, тауар бағасы әлбетте көтеріледі. Сұранысқа ие қымбат өнімді сатушылар нарыққа ұсынуды көздейді. Себебі, қымбат әрі сапалы тауар мол табыс әкеледі. Дегенмен, ескеретін жәйт тауар бағасы өскен сайын, оны сатып алу тұтынушылар тарапынан азаюы ықтимал. Бұл сұраныс пен ұсыныс екі тараптан да тепе-теңдікке жеткенше әрі баға тұрақтанғанша жалғасады. Керісінше, егер сатушылар өз өнімдерін ағымдағы бағамен сата алмаса, бағаны төмендетуге мәжбүр болады. Сәйкесінше, арзандатылған баға тұтынушыларды көбірек сатып алуға итермелейді, бірақ өндірушілерді бар өндіріс көлемін сақтап қалудан тайдырады. Өйткені өнімді арзандатылған бағамен жеткізу олар үшін тиімсіз болып келеді.

Басқа салада қалай іске асады?

Саясат саласында осындай жағдайды байқауға болады. Өзге шарттар тең жағдайда, әдетте дауыс берушілер, оларға ең аз шығынмен келетін өздеріне пайда тұғызатын кандидантты немесе саяси шешімдерді қолдайды. Осы орайда зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттің міндеттемелерінен бас тартуға уәде берген кандидатқа зейнеткерлердін дауыс беруін елестету қиын.

Ынталандырулар - бұл бізді белгілі бір шешімдер қабылдауға итермелейтін адам табиғатының бір бөлігі. Қалаған мінез-құлыққа қол жеткізу үшін ынталандыруды дұрыс анықтау қажет. Әйтпесе, нәтиже сіз ойлағандай болмайды. Елестетіп көріңізші, зауыт басшылығы қызметкерлерді өндірілген әйнек тоннасы үшін марапаттайды. Олар бұл ынталандыруға қалай жауап береді?

Жұмысшылар әдетте тіпті бір нәрсені көру қиын қалың әйнек жасайды. Ал егер сыйақы әйнектің шаршы метрлердінң санына байланысты болса, олар оңай сынатын жұқа стақан шығарар еді. деп Кейде нәтиже тіпті мақсатқа қарама-қарсы болуы мүмкін. Бұл «Кобра әсері» деп аталады. Үндістандағы британдық отаршылдық кезінде губернатор көп кобраларды жоюға тырысып, әрбір өлтірілген жыланның басына сыйақы тағайындайтын. Алғашында олардың саны азайып, жергілікті тұрғындар сыйақы алу үшін оларды өсіре бастады. Сыйлық жойылған кезде кобралардың көбейе түскені анық.

Немесе бүгінгі күннің нақты мысалы: жаңалықтарда біз ресейлік басқыншылардың "әскери операциядағы" бітімгершілік рөлі туралы иллюзиялар жойылған кезде бас тартқаны туралы хабарларды көреміз. Айтуларына қарағанда, олар қашқындарды атып тастайтын тылдағы отрядтардың кесірінен орала алмай жатыр. Сәйкесінше, күресті жалғастыру үшін емес, бас тарту үшін ынта-жігер бар. Алайда мұндай шешім олардың басқару жоспарларына сәйкес келмейді.

Дұрыс ынталандырудың мысалын 1860 жылдары Австралияға тұтқындарды тасымалдау үшін кеме капитандарымен келісім-шарт жасасудағы Ұлыбритания үкіметінің тәжірибесінен табуға болады. Тұтқындардың өмір сүру деңгейі небәрі 40%-ды құрады және капитандардың моральдық себептермен бұл көрсеткішті арттыруға шақырулары нәтиже бермеді. Содан экономист Эдвин Чадвик Англиядағы кемеге көтерілген әрбір тұтқын үшін капитандарға ақы төлеудің орнына Австралияда жағаға шыққан әрбір тұтқын үшін ақы төлеуге кеңес берді. Нәтижесінде өмір сүру жағдайлары едәуір жақсарып, өмір сүру деңгейі 98% - дан асты.

Сондықтан сіз қандай ынталандыруымен әрекет етіп жатқаныңызды және айналаңыздағы адамдарға қандай ынталандыру жасап жатқаныңызды қарастырыңыз.

Ал экономика заңдары біздің күнделікті өмірімізді қалай қалыптастыратынын жақсырақ түсіну үшін кітап оқуды ұсынамыз! Кішкене «кітап сөресін» жинап алайық.

• Біздің бірінші ұсынысымыз: Common Sense Economics

Бендукидзе атындағы еркін нарық орталығының EFI елдік серіктесі Наталья Мельниктің бұл мақаласы алғаш рет рубрикада пайда болды.