Контентке өту
Бастапқы бет
Бастапқы бетБіздің оқиғаЖобаларКітапты жүктеңізКітапханаСеріктестер

Шервуд орманынан Уолл-стритке дейін: балалар әдебиетіндегі экономикалық тұжырымдамалар

Фридрих Науманн Бостандық қоры
2/13/23

Макроэкономика балалар ойыны емес, алайда ол балалар әдебиетінің тақырыбы болуы әбден мүмкін. Бәрімізге белгілі “бөлініс әділдігі” тақырыбының кіріспесі ретінде Робин Гудтың Шериф Ноттингемге қарсы крест жорығын ауыз толтырып айтуға болады. Басқа кітаптарда да экономикаға қатысты көптеген сілтемелер бар, соның ішінде Том Сойердің кәсіпкерлік ерліктері немесе Пиппи Лонгпайктің қағаз ақшаға деген бейқамдығы (әкесінен қалай алғаны белгісіз алтын тиындарға қарағанда).

Фридрих Науман Бостандық Қорының жаңа зерттеу жұмысы балалар мен жасөспірімдерге арналған оқулықтарда экономикалық тақырыптардың қалай өрбитіні туралы егжей-тегжейлі қарастырылады. Ханс Юрген Шлессер, Майкл Шухен және Хелен Шлессер атақты Дэвид Копперфилд және Том Сойер сияқты классиктерді, сондай-ақ соңғы бестселлерлер мен нон-фикшн жанрындағы шығармаларды зерттеу үстінде. Балалар мен жасөспірімдерге арналған үш ғасырлық әдебиеттерді зерттеу мақсаты – жалпылама және экономикалық тақырыптарды, ескірген клишелерді оқырманға жеткізу барысында педагогикалық тұрғыдан өңдеудің әртүрлі құнды мысалдарын қарастырады. Осылайша, толыққанды зерттеу жұмыстары экономика сабақтарына қызығушылық танытқандар үшін ғана емес, сонымен қатар ата-аналар үшін балаларының туған күндеріне дұрыс сыйлық аларда пайдалы нұсқаулық болып табылады.

«Балалар мен жасөспірімдер әдебиеті ерте жастан экономикалық дүниетанымды қалыптастырады», - деп қорытындылады зерттеу авторлары. Пайдаға, байлыққа, бәсекеге деген көзқарас алдымен әдебиет қаһармандары мен жауыздарымен кездесуден басталады. Көп жағдайларда экономикалық ұғымдар қарапайым түрде жеткізілген: ақша қол жетімді, ал байлық шексіз.

Дегенмен, басқа кітаптар әлдеқайда тәлімгерлік бағытты шыңдайды. Мысалы, Чарльз Диккенстің үздік туындысы Дэвид Копперфилд «19 ғасырдағы әлеуметтік және экономикалық жағдайлардың нәзік суретін салады», ал Робинзон Крузо адамның тапқырлығы мен технологиялық прогресті дәріптейді. Сол сияқты, Гарри Поттер, Молли Мун және Сиқырлы гүлдер дүкені валюта айырбастауды, сатып алу келісімдерін және экономикалық өзара әрекеттесудің көптеген басқа мысалдарын талқылайды.

Соңғы кездері әдебиет шығармалары айқын тәрбиелік мақсаты бар көркем әдебиеттермен толықтырыла бастады. Мысалы, экономика саласындағы журналист Николаус Пайпер жас оқырмандарды ата-анасының жанармай құю станциясынан қор биржасына апарса, ал Лара Брайан мен Энди Прентис жас оқырмандарды Нобель сыйлығының лауреаты экономист Элинор Остроммен таныстыра отырып, жалпыға ортақ мәселені талқылауға шақырады

Ата-аналар мен мұғалімдердің алдында сан алуан таңдау бар.

"Кейбір ғылыми жұмыстар еркін нарықты қолдаса, ал басқа жазылған еңбектерде капитализм мен жаһандануға деген сыни көзқарас басымырақ", - дейді авторлар. «Соңғы нұсқада кәсіпкерлер жағымсыз терминдермен сипатталады. Мұндай жағдайларда иллюстрациялар көбінесе кәсіпкерлердің темекі шегуінің клишелеріне сілтеме жасайды. Байлық пен табыс заңды әрі адал жолмен келген бе, жоқ па, соған қарай үкім беріледі».

Ерте балалық шақта идеялар мен тұжырымдамалардың байланысу маңыздылығын көрсететін зерттеулерді ескере отырып, бұл әңгімелерге байыпты қарау керек. Кәсіпкерлік туралы ескі стереотиптер болашақта еркін нарыққа деген қате көзқарасты қалыптастыруы мүмкін. Ал керісінше, ерте жастан бастап экономикалық ұғымдарды терең түсініп білу, кейінірек үлкен табысқа жеткізбесіне кім кепіл? Экономикалық сауаттылық, сайып келгенде, бақсылық емес.

Бұл мақаланы Фридрих Науманн Бостандық қоры дайындады.