EFI туралы
Экономикаға деген қызығушылықты шабыттандыру және рухтандыру үшін көптеген елдердегі көптеген адамдардың дағдыларын, таланттарын және шығармашылығын пайдаланатын бірегей жоба.


Экономикалық негіздері бастамасына қатысқандардың барлығы өз мансабының көп бөлігін бүкіл аймақта тұрып, жұмыс істеуге арнады. Біз экономистпіз. Біз мұғалімдерміз. Біз білім беру әкімшілеріміз, маркетологтар, редакторлар және аудармашылармыз. Біздің барлығымыз осы аймақтағы елдердің алдында тұрған өзекті сын-қатерлерді жақсы түсінеміз. Біз әркімнің экономика туралы түсінігін дамыту жеке адамдар үшін, олардың қауымдастықтары үшін және кеңірек ұлттық және аймақтық тұрақтылық үшін тек жақсы нәрсе болатынына ынталы сенеміз.
Университет және орта мектеп оқытушыларымен, студенттермен және білім беру қызметкерлерімен араласа отырып, EFI және біздің елдегі серіктестер экономикалық сауаттылықтың барлығына қол жетімді болғанын қалайды. Қазірдің өзінде 10 тілде жұмыс істей отырып, Шығыс Еуропа мен Орталық Азияның одан да көп тілдерін қосуды жоспарлап отырмыз.
EFI қоры толықтай қайырымдылыққа бөлінген қаржыдан құралады, бұл қаржы экономикалық әдебиетті бейімдеу, аудару және осы өңірде таратуға ғана бөлінеді. EFI – салық кодексінің 501(c)(3) сегментімен жұмыс істейтін коммерциялық емес ұйым, АҚШ-тың Нью-Жерси штатында тіркелген.










Кітап
«Сауатты Экономика. Жеке және ұлттық өркендеу туралы барлық адам білуі тиіс жәйттер» кітабы алғаш рет 2005 жылы шықты. Оны экономист ғалымдар Джеймс Д. Гвартни, Ричард Л. Строуп, Дуайт Р. Ли, Тоуни Х. Феррарини және Джозеф П. Калхоун жазды, қазір «Көкейге қонымды экономика» – нарықтық экономиканың басты қағидаларын түсіндіретін классикалық кіріспе. Ол оқырманды экономика қағидаларын терең түсіне отырып жеке және саяси таңдауларды дұрыс жасауға жетелейді.
EFI Академиялық консультативтік комитетінің қолдауымен кітап өңіріміздегі оқырмандар үшін өзектілігін қамтамасыз ету үшін бейімделді. “Сауатты Экономика. Жеке және ұлттық өркендеу туралы барлық адам білуі тиіс жәйттер” қорытынды басылымы Ағылшын, Албан, Армян, Әзірбайжан, Грузин, Орыс, Украин, Өзбек, Қазақ және Қырғыз тілдерінде қол жетімді.
Электронды түрде қол жетімді, кітапта қосымша оқу материалдары және нақты өмір контекстінде экономиканың іргелі ұғымдарын ұсынатын және түсіндіретін 9 сағаттан астам субтитрлі бейнеклиптер бар. Басылған көшірмелер жергілікті серіктестер арқылы да қол жетімді.

Сауатты Ұрпақ
Бүкіл аймақта студенттерге, мұғалімдерге және қалың жұртшылыққа мүмкіндік ұсынылуда. Олардың күнделікті өміріне әсер ететін негізгі экономикалық принциптерді зерттеу мүмкіндігі. Оларды өз тілінде және қаржылық шығынсыз зерттеу. Экономика - бұл көпшілікті қорқытатын пән, бірақ әрбір айналысатын азамат оның негіздерін түсінуі керек. EFI ағылшын тілінде сөйлейтіндер кәдімгідей қабылдайтын, бірақ осы уақытқа дейін Шығыс Еуропа, Оңтүстік Кавказ және Орталық Азия тілдерінде сирек қолжетімді мазмұнды ұсынады.
Біздің елдегі серіктестер студенттерге, жас мамандарға және экономиканың олардың күнделікті өміріне қалай әсер ететінін білгісі келетіндердің барлығына арналған қызықты іс-шаралар бағдарламаларын әзірлеуде. Олар эссе байқауларын, бейне байқауларын, кездесулер мен сыныпқа баруды өткізеді. Онлайн және офлайн режимінде барлығының "Сауатты Экономика" әлемін зерттеуге мүмкіндігі бар!

Экономика Әдістемелік құрал
Орта мектептің соңғы жылдарында және бакалавриаттың ерте сатысында кіріспе экономиканы оқыту мақсатында педагогтерге арналған қажетті нұсқаулық жинағы біздің экономистер тобымен әзірленді. EFI аймақтық “Сауатты экономика” басылымына негізделген бұл жинақ түрлі слайдтарды, мұғалімдерге арналған оқыту материалдарын сонымен қатар практикалық есептерді қамтиды. Алғашқы нұсқасы қазірдің өзінде Грузияның жетекші мемлекеттік орта мектептерінің бірінде қолданылуда. Нұсқаулықтың үлгісін (тек ағылшын тілінде) қарау, сонымен қатар бұл үлгінің өз ана тіліңізде аудару жұмыстары мен тарату жоспарлары туралы білу үшін елдегі серіктесіңізге хабарласыңыз.