Skip to content
Home
Home
Who we are
What we do
Get the book

Бақытты болу үшін, шекті пайда туралы білгеніңіз абзал!

Джеффри А.Такер

Абсолютті түрде ойлау көп жағдайда дұрыс емес. Сіз де, басқа адамдар да көп жағдайда шекті пайдалылықпен шешім қабылдайды.

Кешкі ас уақытысында тамақтан соң, үй иесі маған тәтті бәліш ұсынады. Мен оны әрине жеп аламын. Сосын үй иесі: «Тағы да бір тілім жейсіз бе?!»,- деп сұрайды.

Мен сыпайы түрде бас тартамын.

Бұл жағдайда, үй иесі  «Менің бәлішімді ұнатпады» деп ойлауы әбден мүмкін, бірақ бұл мүлде олай емес. Мен бұл бәліштің, әсіресе бірінші бөлігін жақсы көремін. Бірақ бәліштің екінші бөлігі менің таңдаулы рейтингімде А-дан В-ға сырғып кетті, ал «бәліш жоқ» деген нұсқа В-дан А-ға ауысты. Алайда мен тауарлардың барлық қоры туралы шешім қабылдамаймын, қосымша бірліктің болжамды мәніне сүйене отырып таңдаймын. Бұл үлкен айырмашылық.

«Демек, екінші тілімді жеу үшін, бәлішті мүлдем ұнатпағаның ба?»

Менің жауабым:

"Жо-жоқ, сіздің бәлішіңіз сондай дәмді. Маған ұнады. Менің  бірінші жұмыс орным болғанда, мен үшін бұл әлемдегі ең маңызды нәрседей көрінді, ал сіз бәлішініздің екінші тілімін ұсынғанда, мен оны бәліштің тәуелсіз бірлігі ретінде бағаладым. Маған әлі де сіздің тәтті бәлішіңіз ұнайды! Бірақ бұл менің ішкі қалауым бойынша А емес, В нүктесіне сай келеді. Егер бәліштен бас тарту мүмкіндігі болмаса, мен оны жеп, қуанар едім. Экономистердің екінші бөліктің шекті пайдалылығы деп атайтын нәрсесі бірінші бөліктен төмен, менің таңдаған нұсқам үшін әрекет ету нүктесі болу үшін тым аз болып  тұр.

"Түсіндім. Сіз менің бәлішімді ұнатпадыңыз!"

Бұл жерде не болып жатыр? Үй иесі бұл шекті пайдалылық идеясын мен сияқты түсінбейді."

Жаңа теория

Мен 1870-1910 жылдар аралығындағы экономистердің неліктен шекті пайдалылық тұжырымдамасына естері кетіп қарағандарын түсінемін. Бұл идея әлемді құтқара алады.

Егер мен ұсынатын теорияға құлақ ассаңыз, сіз барынша сыпайы әрі мейірімді болуға тырысасыз. Неғұрлым сезімтал және басқалар үшін ашық бола аласыз. Сіз өзіңізді және айналаңыздағы адамдарды жақсы түсінетін боласыз. Бұл адамдардың шешім қабылдаудағы барлық қиындықтарын көрсетіп берумен қатар, басқарушы үкіметтің Әлемді қандай жолмен басқаратынына куә боласыз.

Шекті пайданың ашылуы жаңа ұрпаққа аспанға ұшу, электр қуаты және эволюция теориясын ашу сияқты маңызға ие болды. Бұл парадигманың ауысуы, бәрін өзгерткен түсінік болды.

Өлшем тұтынылатын бірлікпен, бір уақытта бір таңдау жасаумен анықталады.

Осы уақытқа дейін экономистерді заттың қоғам үшін құндылығы толғандырып келді. Мысалы, су - өте үлкен құндылыққа ие. Өмір сүруіміз үшін ең қажетті тіршілік көзі.. Барлық тірі жанға қажет. Алайда, неліктен суды сатып алу соншалықты арзан, ал шілтер мен гауһар тас сияқты әшекей-бұйымдар соншалықты қымбат? Бұл әлемде түзетуді қажет ететін бірдеңе бар дегенді білдіре ме?

Жоқ, бағалар қол жетімді ресурстар қоры болған кезде шекті таңдаумен анықталады. Бұл қарапайым мәлімдеме сияқты көрінуі мүмкін, бірақ оның терең салдары бар.

Экономистердің айтуы бойынша – құн тауардың жалпы қорымен немесе оның бүкіл қоғам үшін маңыздылығымен анықталмайды. Өлшем біртіндеп тұтынылатын бірлікпен анықталады, бір уақытта бір ғана таңдау жасалынады. Біз өз қалауларымызды А-дан шексіздікке дейін бағалаймыз, бірақ кез келген уақытта тек біреуін таңдай аламыз. Біз А-ға барамыз, бірақ бұл мүмкін болмаса, В-ны А-ға ауыстырамыз, ал егер бұл мүмкін болмаса, С-ны А-ға ауыстырамыз. Кез келген уақытта біз тек бір нәрсені таңдай аламыз. Біз шекті өнімділік бойынша таңдау жасаймыз.

Мәселе сенде емес, менде!

Міне, іс-әрекеттегі шекті пайдалылықтың тағы бір мысалы.

Қыз жігітке: "Мәселе сенде емес, менде" дейді. Жігіт қыз оны ұнатпайды деп ойлайды. Себебі дәл осы жауапты бұрын да естіген. Бірақ қыздың сезімі шынайы. Ол оны ұнатады. Қыз расымен де ұнатады. Бірақ романтика уақыт пен күш-қуатты талап етеді; оның үстіне қыз өз уақытын Pinterest-те өткізгенді жөн санайды. Pinterest - оның жеке таңдау рейтингі бойынша А нүктесінде. Б нүктесі - жігіт. Демек, жігіт талапқа сай емес деген сөз.

Немесе олай емес. Мүмкін А - Pinterest, бірақ В - үй тапсырмасын аяқтап жатыр. C - фортепианода ойнап отыр. D - «Game of Thrones» көріп отыр. Е - печенье пісіріп жүр. F - Snapchat-тағы достарына күлкілі суреттерді түсіріп жатыр. Ақырында біз G-ге жеттік, бұл «осы жігітпен кездесу» нұсқасы. Қыз жігітті расымен ұнатады, егер де A-F опциялары болмаса, ол онымен кездесуді армандайтын еді. Бірақ A-F мүмкін болатын шындық. Артықшылық рейтингінде бірден A-дан G-ге өту оның жалпы бақытын басқаша болуы мүмкін нәрсемен салыстырғанда төмендететін қателік болар еді.

Шекті пайда арқылы адамның қалай шешім қабылдау процесін көре алдыңыз ба? Бұл біздің терең ойланбайтынымызды және селқос шешім қабылдайтынымызды білдіреді. Бұл махаббат немесе жек көру, құшақтау немесе бас тарту, кездесуге бару немесе көңілін қалдыру емес. Біз күрделі және шексіз нұсқалар контекстінде шешім қабылдаймыз, бұл шешімдер әрине басқаларға білінбей жатады.

Үйлену тойы

Адамдарды шекті пайдалылық туралы ойланбауға мәжбүрлейтін паранойяны тудыратын осы жасырын аспект.

Ғылыми тұрғыдан алғанда, шекті пайдалылық - бұл жақында ашылған жаңалық.

Досыңыз сізді үйлену тойына шақырады. Сіз тойға барғыңыз келетінін айтасыз, алайда дәл сол күні жұмыс бабы бойынша маңызды кездесуге қатысуыңыз керектігін жеткізесіз. Сіз шын мәнінде тойға барғыңыз келіп тұр, бірақ бір уақытта бір нәрсені ғана жасай алатындықтан, таңдау жасауға тура келеді. Және дәл осы кезеңде сіздің жұмыстағы абырой-беделіңіз бәрінен де биік тұр.

Әлбетте, досыңыз сізге түсіністікпен қарайды. Әзірге. Үйлену тойы уақыты келеді, ал сіз айтқандай келмейсіз. Той фотосуреттері шығады, сіздің бейнеңіз еш жерде көрінбейді. Естеліктер сондай әдемі, қызық... бірақ сіз олардың бір бөлігі емессіз. Түсінесіз бе? Уақыт өте келе сіздің досыңыз ойлана бастайды: Ой, мен оны досым деп жүрсем, ол болса тіпті менің үйлену тойыма да сылтау айтып келмеді. Ол мен ойлағандай дос емес екен. Көңілім қалды.

Бұл барлық уақытта болады. Бұл адамдар шекті пайдалылық туралы ойламайтындықтан болады. Бұл біздің басымызда үнемі бола бермейді. Бұл таңқаларлық емес, өйткені адамзат оны ашуға 500 000 жыл қажет болды. Ғылыми тұрғыдан алғанда, бұл жақында ашылған жаңалық. Бұл тұжырымдама біздің жүрегімізге енгенге дейін тағы бірнеше жүз жыл қажет болуы мүмкін. Сонымен қатар, оны үйреніп, ойға түйетіндер өмірде жақсы бағдарланады.

Кино

Досымыздың бізбен бірге фильмге бармауы, оның киноға барғысы келмейді деген сөз емес екендігін түсінеміз. Ол шынымен де барғысы келеді. Тек мәселе мынада, фильмге бару ниеті тізімдегі жоғары тұрған қалаудан сәл төмен тұрады деген сөз. Оның үстіне біз бір уақытта тек бір элементті ғана таңдай аламыз.

Коммерциялық салдары орасан зор.

Сіз тәтті тоқаштар дүкенін ашасыз делік. Сіз оларды сатуға тырысып, күн сайын дүкенде отырасыз. Бір айда бірде-бір тәтті тоқаш сатылмады. Сіз адамдар сіздің тәтті тоқаштарыңызды қаламайды деген қорытындыға келесіз - бұл бір қарағанда ақылға қонымды қорытынды болып көрінеді.

Неліктен адамдар сіздің тәтті тоқаштарыңызды сатып алмайды?

Бірақ бұл дұрыс емес. Бүкіл қоғамдастық бар, олардың басында артықшылық рейтингі бар мыңдаған адамдар бар. Егер сіз олардың жүректеріңе қол жеткізе алсаңыз, сіз мыңдаған адамдардың бастарында тәтті тоқаштар, тәтті тоқаштар, ТӘТТІ ТОҚАШТАР туралы оймен жүретінін көрер едіңіз. Олар тіпті ТӘТТІ ТОҚАШТАР деп өмір сүрер еді, тіпті қаласаңыз оларды ауадай қажет ете алады. Бұл адамдардың таңертең ойлайтын бірінші қалауы, ал түнде ойлайтын соңғы нәрсесі болар еді.

Сонда мәселе неде? Неліктен адамдар сіздің тәтті тоқаштарыңызды сатып алмайды? Мәселе мынада, кез-келген адамның бірінші орында тұратын өз ойы бар. Адамдар жұмысқа уақытында барғысы келеді. Кейбір адамдар артық салмақ қосамыз деп алаңдайды. Одан қалса, әрқашан ақша үнемдегісі келеді. Олар смартфондарында ойнауға көп қызығушылық танытып, кейбіреулері тіпті сіз отырған дүкенге иелік еткісі келеді. Қалай болғанда да, бұл олардың тәтті тоқаштарға деген құмарлығына әрекет етуге жол бермейді.

Тәтті тоқаш кәсіпкері ретінде сіздің жұмысыңыз қандай? Сіз олардың санасына әсер ететіндей жол ойлап тауып, олардың кез келген "А" таңдауын, өздерінің "В" таңдауы болуы мүмкін нәрсемен ауыстыруыңыз керек. Жоғарғы екі параметрді ауыстыру қажет. Егер G таңдауында тәтті тоқашқа артықшылық берілсе, сіз оны B ұясына салғаннан гөрі жақсы нәрсе ойлап табуыңыз керек. Тәтті тоқаштар ұтысқа ие болатын ұяшық: А. Бұл жерде жеңіс қоңырауы соғылады. Осылайша, Сіз төменгі артықшылықты жоғарыға қарай итеруге тырысасыз.

Маркетинг

Сіз мұны қалай жасайсыз? Сіз бағаны төмендете аласыз, сапаны арттыра аласыз, әр түрлі дәмдерді немесе кез келген нәрсені ұсына аласыз, бірақ олардың ешқайсысы да белгілі нәтижеге жеткізбейді. Неліктен? Себебі бұның бәрін сіз жасап жатқаныңызды ешкім білмейді! Басқа адамдардың санасына кіру үшін сізге не істеу қажет? Сіз нарыққа шығуыңыз керек. Сіз сатуыңыз керек. Сіз жарнама беруіңіз керек. Сіз әлеуметтік желілерде жазбалар қалдыруыңыз қажет. Сіз не істесеңіз де, мақсат анық: тәтті тоқаштарды "А" ұяшығына енгізу.

Сіз өз талпынысыңызды арттыра бергеніңіз жөн дегенге сайып келеді. Мүмкін, кейбір адамдар үшін аз да болсын талпыныс дұрыс шығар. Сіз бұл шайқаста қалай да жеңіске жетуіңіз қажет. Сондықтан сізде таудай құлшыныс бар. Егер сіз iPhone болсаңыз, қолданушылардың барлығы кино продюсері бола алады деп уәде бересіз. Егер сіз Southwest Airlines болсаңыз, Егер сіз Southwest Airlines болсаңыз, сіз бақытты демалысқа уәде бересіз. Егер сіз Nike болсаңыз, өмір сүрудің жаңа тәсіліне уәде бересіз. Және тағы басқа.

Бұл манипуляция ма? Мүлде олай емес. Сіз жасап жатқан дүние – тәтті тоқаш жегісі келетін адамдарды ақша жұмсауға және оны өмірінің бір бөлігіне айналдыруға көндіру болып табылады. Сіз адамдарға шынайы тілектерін жүзеге асыруға және әрекет етуге көмектесесіз, оларды өзара жақсартуға айырбастауға жетелейсіз. Сен жеңдің. Олар жеңеді. Барлығы жеңеді.

Мысалы, "бұл сен емес, менмін" деген қыздың әңгімесіне оралайық. Жігіт не істеуі керек? Ол бірінші рейтингтен төмен артықшылық рейтингінде аз ғана орын алатынын түсінуі керек. Ол уақытша болуы мүмкін екенін мойындауы керек. Рейтингте В-дан А-ға қалай көтерілу керектігін білген жігіт, тез арада іске кірісуі қажет. Ал, тіпті G-ден А-ға ауысуы керек болса, бұл жігіттің жоспары да, қимыл іс-әрекеттері де таңқаларлықтай керемет болуы шарт.

Жарық сәулесі

Бұл процесті түсіну үшін сіз шекті пайдалылықты түсінгеніңіз абзал. Бұл әлемнің қалай жұмыс істейтінін түсіндіретін тұжырымдама. Бұл адамның шешім қабылдауының бүкіл құпиясына жарық сәулесін шашатындай. Бұл адамдардың өзара әрекеттесуінің құпияларын ашатын бірден-бір идея.

Шекті пайдалылық призмасы арқылы біз анархияның әдемі реттілігін көреміз.

Дүниедегі кішігірім және үлкен зұлымдықтар абсолютизмнен, алға қарай бір ғана жол бар деген сенімнен туындады, ал егер бұл жол сіз таңдаған нәрсе болмаса, бұл сізді зұлым жау етеді.

Басқарушы үкімет осылай ойлайды. Олар маржа туралы ойламайды. Шекті пайдаға негізделген миллиардтаған адамдар әрекет ететін және ойлайтын әлем олар үшін тым күрделі ұғым. Сондықтан олар мұның бәрін елемей, әлемді біз бен олардың арасында бөлуге шешім қабылдады. Екінші жағынан, егер сіз шекті пайдалылық тұрғысынан ойласаңыз, сіз бүкіл әлем ақырында субъективті болып табылатын күрделі шешім қабылдау процесінің жалғасы ретінде шағын қадамдармен салынғанын және адамдарды біріктіру ешқашан күшпен емес, тек кішігірім сендіру әрекеттері арқылы жүзеге асырылатынын түсінесіз. Шекті пайдалылық призмасы арқылы біз анархияның жүйелі реттілігін көреміз.

Бұл мақала Creative Commons Attribution 4.0 халықаралық лицензиясы бойынша Джеффри А.Такер мен Экономикалық білім беру қорының рұқсатымен жазылған. Түпнұсқасын мына жерден табуға болады.

Мақаламен бөлісу