Skip to content
Home
Home
Who we are
What we do
Get the book

Грузиядан талдау: Украинадағы соғыс Грузия экономикасына қалай әсер етеді?

Грузияның экономикалық сауаттылығы бастамасы

Экономикалық болжамдар әртүрлі математикалық және статистикалық модельдер арқылы жасалады. Бірақ Украинада жалғасып жатқан соғыстың тікелей прецеденттерінің болмауына байланысты экономикалық үлгілері әлі де жоқ. Экономистерге модельдерін шындыққа сәйкес жасап келтіру үшін көз көрген тәжірибе қажет. Сонымен, экономистер әлемде болып жатқан дағдарыс кезінде қарапайым экономикалық логикаға және ағымдағы үрдістерді талдауға сүйене отырып қорытынды жасайды. Сіз де қоғамдық деректер мен экономикалық логиканы пайдалана отырып, осындай қорытынды жасай аласыз.

Ресейдің Украинадағы соғысы нәтижесінде Грузияны не күтетінін талдап көрейік. Бұл біздің сыртқы экономикалық қатынастарымыздың қалай өрбитінін біршама көрсете алады:

Сыртқы саудаға қалай әсер етуі мүмкін?

Еуропа Одағы мен Түркия сияқты Украина мен Ресей де Грузияның негізгі сауда серіктестері, сәйкесінше олардың да соғыстан зардап шегетіні анық. Алдымен Грузия өнімдерін импорттайтын елдерді қарастырайық. 2021 жылы Грузия импортының жалпы көлемі 10 миллиард АҚШ долларын құрады. Оның негізгі импорт серіктестері Еуропалық Одақ пен Түркияға 2021 жылы Грузия импортының 42 пайызы тиесілі болды. Соңғы 9 жылда айтарлықтай өзгеріске ұшырамаған Ресей импорттың салыстырмалы түрде аз үлесін, яғни 10% құрайды. Украина тауарлар импорты жалпы импорттың 4,7% құрайды. Демек, Грузия импортының шамамен 14-17%-ын ішінара ауыстыру қажет деп айтуға болады. Сондай-ақ, Ресейден тауарларды импорттауға Батыстың санкциялары салдарынан елде басталған экономикалық дағдарыс үлкен кедергі болуда. Атап айтқанда, ресейлік банктердің SWIFT жүйесінен шығарылуы Ресеймен коммерциялық қарым-қатынастарды қиындататыны сөзсіз, ал басып кіру Украинадағы тауарлар экспортына әсер етеуімен қатар қолданыстағы жеткізу тізбегін қиындатады.

Диаграмма 1 - Әртүрлі елдерден Грузия импортының үлесі (2013-2021 жж.)

Экспорт Грузияның өндірістік секторы мен қатар жалпы жұмыспен қамту тұрғысында өте маңызды рөл атқарады. 2021 жылы экспорт шамамен 4,2 миллиард АҚШ долларын құрады, оның 7 пайызы Украинаға, 14 пайызы Ресейге тиесілі. Соңғы жылдары Грузияның ЕО елдеріне экспорты жалпы экспорттың шамамен бестен бірін құрады. Соғыстың жеткізу тізбегі логистикасына әсерін ескеретін болсақ, Грузиядан Украинаға экспорттау дәл импорт сияқты қиындай түспек. Ал Ресейге экспорт жасау әлдеқайда қиын болмақ, себебі аталған мемлекетті SWIFT жүйесінен алып тастағаннан кейін, оның банк операциялары әлдеқайда күрделене түседі.

Диаграмма 2 – Грузияның әртүрлі елдерге экспортының үлесі (2013-2021 ж.)

Грузияда импорт және экспорт ағындарының қысқаратыны анық. Грузин кәсіпкерлері импорттық өнімдерді сатып алу үшін де, экспортталатын тауарларды сату үшін де сауда серіктестерін ауыстыру тәсілдерін қарастыруы керек. Грузиядағы импорт экспорттан едәуір асып түсетініне назар аударыңыз, яғни Грузия тауарларды шет елге сатқанға қарағанда, керісінше шет елден көп импорттайды.

Сатқаннан көп сатып алсақ, импорт шығындары қалай жабылады?

Грузияда теріс сауда балансын жабу үшін бірнеше көздер бар. Бұған жылына шамамен 1,5 миллиард АҚШ долларын құрайтын жеке шетелдік инвестициялар кіреді; дегенмен 2020 жылы COVID-19 пандемиясына байланысты олар небәрі 0,5 миллиард АҚШ долларын құрады (Грузия Ұлттық статистикалық басқармасы). Грузиядағы жеке шетелдік инвестицияның негізгі көзі ЕО елдері болып табылады, олардың үлесіне шетелдік инвестицияның 60%-ы тиесілі болса, ал Украина мен Ресейдің үлесі небәрі 10%-ды қамтиды.

Импортты қаржыландырудың маңызды көзі - шетелде жұмыс істейтін грузин азаматтарының Грузиядағы отбасыларына жіберген ақша аударымдары болып табылады. 2021 жылғы жағдай бойынша ақша аударымдарының көлемі 2,3 миллиард АҚШ долларын құрады (дереккөз: Грузия Ұлттық Банкі). Дәстүрлі түрде Ресей Грузияға ақша аударымының негізгі көзі болды, дегенмен бұл үрдіс соңғы екі жылда айтарлықтай өзгерді. Ресей Федерациясынан ақша аударымдарының үлесі 18%-ға дейін төмендеді, ал Еуропалық Одақтан келетін аударымдар саны айтарлықтай өсті (төмендегі диаграмманы қараңыз). Енгізілген санкциялар, әсіресе Ресейдің SWIFT жүйесін пайдалануға тыйым салуы Ресейден ақша аударуда қиындықтар туғызып, ол жақтан ақша аудару көлемі азаюы мүмкін деген тұжырымға келеміз.

*Диаграмма – 3 Елдер бойынша Грузияға ақша аударымдары*Қорытындылай келе, біз мыналарды оңай болжай аламыз: бұл соғыс маңызды сыртқы экономикалық серіктестер арасында жүргізіліп, Грузия экономикасында айтарлықтай ауытқулар тудырады. Алайда кумулятивтік әсерді анықтау қиын. Бұл Грузияның Ресеймен экономикалық қарым-қатынасына ерекше әсер етеді. Грузин кәсіпкерлері балама коммерциялық қатынастарды іздеуге мәжбүр болса, ал мемлекет Еуропалық серіктестерден қаржылық және экономикалық қолдау іздеуге тура келеді.

Мақаламен бөлісу